Мәжіліс депутаты Абзал Құспан жемқорлық ісіндегі үкімдерге байланысты сұраққа жауап берді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты Alashorda.kz ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.
Жуырда Ұлытау облысы Білім басқармасының басшысы Сафура Төлекова 93 миллион теңгенің жемқорлық ісі бойынша 8 жылға сотталды. Ал жыл басында Астана қаласы Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Болат Мажағұлов 1 миллиард теңгеден астам қаржыны жымқырды деп күдікке ілігіп, 8 жыл 6 айға сотталған болатын.
Сондай-ақ экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалды 732,8 миллиард теңгенің жемқорлық ісі бойынша 6 жылға сотталып, былтыр бостандыққа шыққан болатын. Қайтарылған активтер қатарында жылжымайтын мүлік, зергерлік бұйымдар, автомобильдер, акциялар және ақша бар. Атап айтқанда, мемлекетке Қазақстандағы 115 жылжымайтын мүлік берілді.
Қоғамда осыған байланысты «Аз ұрласаң көп жылға, ал көп ұрласаң аз жылға сотталасың» деген пікір қалыптасты. Осы ретте 93 миллион теңгенің жемқорлық ісі мен 1 немесе 732,8 млрд теңге қаржыны жымқырды деген азаматтың үкімі неге бірдей болды деген сұрақ туады? 100 миллион теңгенің жемқорлық ісі мен 732,8 млрд теңгенің ісінде жер мен көктей айырмашылық болуы әділетті ме?
Осы және өзге де сұрақтарға Мәжіліс депутаты Абзал Құспан жауап берді.