Қызылорда облысында жасөспірімдер мүмкіндігі шектеулі баланың қатыгездік танытқан оқиға тергелді. Бұл туралы Aikyn.kz сайты хабарлайды Stan.kz-ке сілтеме жасап.
Бейнежазбадан мүмкіндігі шектеулі баланың анасы жәбір көрсеткен жасөспірімге келіп, ұрсып жатқаны көрсетіледі. Онда ана дәкемен оралған баласының аяғын ашып көрсетеді. Оның аяғы қатты күйгені байқалады.
Осы мәселеге қатысты Қызылорда облысы Полиция департаментінің басшысы Серік Ергешов жауап берді.
"Бұзақылық дерегі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Кәмелетке толмаған күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Қазір оқиғаның мән-жайын анықтау бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қылмыстық істің тергелу барысы өзімнің ерекше бақылауымда", – деді Серік Ергешов.