"Құрметсіздік танытты": Өзінен кейінгілерді соққыға жыққан жоғары сынып оқушылары жауапқа тартылды

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Ақтөбеде 14 жастағы оқушының өліміне қатысты іске сот үкімі шықты. Істі кәмелетке толмағандардың істері бойынша мамандандырылған ауданаралық сотында қаралды, деп хабарлайды Аikyn.kz сайты облыстық сотқа сілтеме жасап.

Оқиға 2024 жылдың қыркүйек айында Темір ауданында болған. 11 және 10 сынып оқушылары өзінен кейінгі "9-сынып оқушылары өздеріне құрметсіздік танытты" деп, оларды соққыға жыққан. Салдарынан оқушылардың бірі алған жарақаттан оқиға орнында қаза тапқан.

Кәмелетке толмаған сотталушылар тағылған айып бойынша кінәлсін ішінара мойындап, жасаған әрекеттеріне өкінетінін көрсетті. Жәбірленушілер мен олардың заңды өкілдері сотталушыларға бас бостандығынан айырмайтын жаза тағайындауды сұрады.

"Сотталушылардың кінәсі жәбірленушілердің, куәлердің жауаптарымен, сараптама қорытындыларымен, оқиға болған жерді қарап-тексеру хаттамаларымен, беттестіру хаттамаларымен және т.б. құжаттармен толық дәлелденді", - делінген сот хабарламасында.

Сот қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайлар ретінде сотталушылардың кәмелетке толағандарын таныды. 

"Сотталушылар "Б" мен "Т", ҚК-нің 28-бабының 3-бөлігі - 106-бабының 3-бөлігімен, 293-бабының 2-бөлігінің 1,3-тармақтары бойынша кінәлі деп танылып, оларға  6 жылжәне 8 ай мерзімге бас бостандығын айыру жазасы тағайындалды. Сотталушы "М" ҚК-нің 106-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған  6 жыл және 8 ай  мерзімге бас бостандығын айыру жазасы тағайындалды. Сотталушылар "Қ" "Ж" мен "Ж", ҚК-нің 293-бабының 2-бөлігінің 1,3)-тармақтары бойынша кінәлі деп танылып, оларға 1 жыл бас бостандығынан шектеу жаза тағайындалып, ҚК-нің 28-бабының 3-бөлігі, 106-бабының 3-бөлігімен кінәләрі дәлелін таппағандықтан ақталды", - делінген сот шешімінде.

Сотталушы "Т"-ның заңды өкілінен моралдық залал 5 000 000 теңге өндірілді.