Қазақстанның екі спортшысы көркем жүзуден Азия чемпионатының жүлдегері атанды

Отандастарымыз 241.4613 ұпай жинады.

Үндістанда өтіп жатқан су спорты түрлерінен Азия чемпионатында көркем жүзуден еркін бағдарламаның аралас жұптық сынында финалдық бәсекелері өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.  

Қазақстан намысын Виктор Друзин мен Наргиза Болатова қорғады. Спортты дамыту дирекциясы мәліметінше, отандастарымыз 241.4613 ұпай жинап, үшінші орынға ие болды. 

Кантинин Адисайсирибутр, Супитчая Сонгпан - 257.6872 

Кайцзе Вэн, Сужуй Ян - 242.4933 

Виктор Друзин, Наргиза Болатова - 241.4613

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM   арнасынан табасыз.