Бұл дерек Дүниежүзілік алтын кеңесінің есебінде келтірілген. Есепке сәйкес, ең ірі сатып алушы Қазақстан болды: Ұлттық банк өз қорына 8 тонна алтын қосты. Бұдан бөлек, Болгария мен Түркияның қорлары 2 тоннадан ұлғайса, Қытай, Өзбекстан және Чехия да шамамен осындай көлемде алтын сатып алған.
Шілдеде сатып алу уақытша тоқтағаннан кейін тамызда орталық банктер қайтадан белсенділік танытты. Бұл көрсеткіш наурыз-маусым айларындағы ай сайынғы таза сатып алулар деңгейіне сәйкес келеді. Ал Ресей мен Индонезияда керісінше алтын қоры азайды: Ресейдің резерві 3 тоннаға, ал Индонезиянікі 2 тоннаға төмендеді.
WGC есебінде: «Тамызда орталық банктер әлемдік алтын қорына 15 тонна қосты. Бұл наурыз-маусым айларындағы айлық орташа сатып алу көлеміне сәйкес келеді», – деп атап өтілген.