Дастан Сәтпаев жарақатына байланысты алдағы ойындарға қатыса алмайды

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы алдағы іріктеу ойындары алдында кенеттен өзгеріс енгізді. Енді "Қайрат" шабуылшысы Дастан Сәтпаев жарақатына байланысты командаға көмектесе алмайды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Жас шабуылшы шап жарақатына байланысты ұлттық құраманың оқу-жаттығу жиынына келмеген. Осылайша, ол 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі қазан айындағы матчтарға қатыспайды.

Дастан Сәтпаев соңғы рет 5 қазанда Премьер-лигадағы кейінге қалған ойында "Жетісуға" қарсы толық 90 минут ойнап шыққан. Кездесу "Қайраттың" ірі жеңісімен  5:0 есебімен аяқталды.

Атап айтсақ, Қазақстан құрамасы қазан айында екі маңызды кездесу өткізеді. Оның бірі – 10 қазанда өз алаңында Лихтенштейнмен, ал 13 қазанда сырт алаңда Солтүстік Македониямен ойнайды.