Қаржылық мониторинг агентігі төрағасының орынбасары Қайрат Бижанов мемлекеттік сатып алулардағы негізсіз бағалар жайында айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Үкімет отырысында Бижанов 100 АЕК-қа дейінгі (2025 жылы 393 200 теңге) шағын сатып алулар бойынша көрсетілген бағалар мен нақты бағалар арасында айтарлықтау алшақтық бар екенін көрсетті.
Оның айтуынша, келісімшарттардағы қарапайым скотч бағасының бір данасы 2 000 теңгеден 99 000 теңгеге дейін болған.
Ведомство анықтаған деректер:
7,5 мың жағдайда баға ұсыныстары келісімшарт жасалғаннан кейін бірден жойылған;
8,3 миллиард теңгеге жасалған 8 мың келісімшарттың іріктемелі талдауы шамамен 4 миллиард теңгеге артық баға белгілерін көрсеткен;
техникалық сипаттамаға сәйкес келмейтін тауарлар жеткізілгені анықталған.
Мұндай сатып алулар Omarket.kz платформасы арқылы жүзеге асқан. Алайда ол автоматты түрде ең төмен бағаны таңдауы тиіс.
Алайда Бижановтың айтуынша, іс жүзінде орташа бағаны қолдан көтеру схемалары тіркелген. Ведомство бақылауды және рәсімдердің реттелуін күшейтуге уәде берді.