Темірлан Анарбековке білім гранты берілді

Білім гранты 2026 жылдың қаңтарында басталады.

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек "Қайрат" футбол клубының қақпашысы Темірлан Анарбековты Қазақ спорт және туризм академиясына оқуға түсуге шақырды, - деп хабарлайды Aykin.kz. 

Оның білім гранты 2026 жылдың қаңтарында басталады.

"Министрлік тек спортты дамытуды ғана емес, сонымен қатар кәсіби спортшыларымыз үшін жан-жақты академиялық базаны дамытуды да қолдайды. Темірлан Анарбеков пен Шерхан Қалмұрза спорттық жетістіктері үшін грант алған алғашқы спортшылар емес. Көптеген дарынды жастар мұндай қолдауға ие болды", – деді министр Саясат Нұрбек.

Айтар болсақ, бұған дейін  Шерхан Қалмұрзаға Алматыдағы университеттердің бірінен білім гранты берілген болатын.