Қазақстан бәсекеге қабілетті елдер рейтингісінде 34-орынға көтерілді

Қазақстаннан кейін тұрған 29 елдің ішінде Италия, Испания, Түркия және Ресей бар.

Швейцарияның Лозанна қаласындағы Халықаралық менеджментті дамыту институтының әлемдік бәсекеге қабілетті зерттеу орталығы 2019 жылғы рейтингін жариялады, деп хабарлайды Aykin.kz

Орталық мәліметінше, Қазақстан биылғы рейтингте 34-орыннан көрінді. Қазақстаннан кейін тұрған 29 елдің ішінде Италия, Испания, Түркия және Ресей бар.

Рейтингтің бірінші бағанында - Сингапур, екінші орында - Гонконг, үшінші орында - АҚШ, төртінші орында - Швейцария, бесінші орында - Біріккен Араб Әмірліктері орналасқан. Ал ең төменгі орындарға Бразилия, Хорватия, Аргентина, Моңғолия және Венесуэла жайғасқан.

ТМД елдері ішінде бізден кейін Ресей 45-ші, Украина 54-орынды иеленді. Биыл зерттеулер 63 мемлекетте жүргізілген болатын. Еске сала кетейік, өткен жылы еліміз бұл тізімде 38-орыннан көрінген еді.

IMD рейтингі бәсекеге қабілет деңгейін анықтау үшін әлем елдерінің экономикалық даму деңгейін, ел үкіметінің тиімділігін, бизнес тиімділігі мен инфрақұрылымдық даму көрсеткіштерін басшылыққа алады.