Астанада 6 науқасқа мүгедектік рәсімдеуге көмектесемін деп алдап кеткен емхана дәрігеріне қатысты үкім шығарылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Астана қаласының прокуратурасына сілтеме жасай отырып.
Қалалық прокуратураның мәліметінше, алаяқ дәрігер өзінің қызметін жұмыс орнында ұсынған. Алайда шын мәнінде, мұндай көмек көрсетуге құзыры болмаған. Елді алдап алған 4 млн теңгеден аса қаражатты ол өз қажетіне жұмсаған.
"Прокурор ұсынған дәлелдермен айыпталушының кінәсі толық дәлелденді, қылмыстық құқықбұзушылықтар жиынтығын ескере отырып, ол бас бостандығынан айыру жазасына сотталды. Материалдық шығын өндірілді", – деп жазылған хабарламада.
Үкім заңды күшіне енді.