Белгілі әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың әйелі Мөлдір Мұқанова «Ревю» бағдарламасына берген сұхбатында ел арасында тараған қауесетке қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Аikyn.kz.
Айтуынша, маркетинг жоспарланған жоқ.
«Отбасыма қатысты талқыланып жатқан нарселер жақында шығатын киномның маркетингіне ешқандай қатысы жоқ», - деді ол.
Сөз арасында продюссер Қабатовпен қарым-қатынасы жайлы да айты.
«Осы сәтте бір құпияны айтайын. Біз жұбайлар ретінде, кім туралы айтып тұрғанымды өздеріңіз білесіздер, үйдің ішінде үлкен айғай-шу болмаған, ыдыс-аяқ сылдырламаған. Қатты ұрысып та көрмеппіз. Неге мұндай жағдай болды деп кейде таңғаламын», - деді Мөлдір Мұқанова
Бұған дейін желіде Тұрсынбек Қабатов пен Мөлдір Мұқанның ажырасқаны туралы әңгіме тараған еді. Алайда екеуі де бұл туралы әлі жақ ашпады.