"Оның құны 20,5 млн теңгеден басталады": Сабина Алтынбекова туған күніне ерекше сыйлық алды

Сабина Deepal S09 маркілі көлікке ие болған.

Танымал волейболшы Сабина Алтынбекова келе жатқан туған күніне сыйлықтар ала бастады, деп хабарлайды Аikyn.kz  Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында жазды. 

«Туған күнім бір айдан кейін. Соған қарамастан екі апта бұрын бірінші сыйлығымды алдым. Менде болған көліктердің ішіндегі ең ыңғайлысы әрі соңғы үлгідегісі. Рақмет», - деп жазды ол.

Суретке қарап, Сабина Deepal S09 маркілі көлікке ие болған секілді. Оның құны 20,5 млн теңгеден басталады. Негізі Deepal S09 – 2025 жылдан бері Deepal брендімен шығарып жатқан қытайлық Changan компаниясының үлкен гибридті жол талғамайтын көлігі (SUV). Салоны алты орынды, озық технологиямен жабдықталып, премиум класқа жататын отбасылық көлік ретінде сатылуда. ады.

Айта кетейік, спортшының туған күні – 5 қараша. Бұған дейін Сабина Алтынбековаға белгілі спортшы Қуат Хамит сөз салған болатын. Бірақ ол туралы волейболшы әлі ешқандай пікір білдірмеді.