«Қайрат» шабуылшысы Дастан Сәтпаев жарақат алып, Қатарда тексеруден өтеді

Дастан Сәтпаев клуб пен ұлттық құраманың сапында барлық турнирлерде 41 ойын өткізген.

«Қайрат» клубының шабуылшысы Дастан Сәтпаев Қатар астанасы Дохаға қосымша медициналық тексерілуге барады, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Клубтың баспасөз қызметінің мәліметінше, футболшы бүгін түнде Дохаға ұшып шығады. Бұл шешім дәрігерлердің ұсынымы бойынша қабылданған.

Дастан Сәтпаев қазан айында өтетін Қазақстан құрамасының матчтарына қатыспайды. Ол Лихтенштейн мен Солтүстік Македонияға қарсы ойындарды өткізіп алады.

Бұған дейін «Қайрат» футболшының жамбас бұлшық етінде жарақат бар екенін хабарлаған еді.

2025 жылы 17 жастағы Дастан Сәтпаев клуб пен ұлттық құраманың сапында барлық турнирлерде 41 ойын өткізген.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз