Қуат Хамитов хиджаб киетіндерге қатысты ұстанымын айтты

Спортшы әлеуметтік желідегі парақшасында тек хиджаб киген қыздарға ғана үйленетінін айтты.

Қазақстандық MMA жауынгері Қуат Хамитов болашақ жар таңдаудағы өз ұстанымын ашық мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Спортшы әлеуметтік желідегі парақшасында тек хиджаб киген қыздарға ғана үйленетінін айтты.

«Жалпы, хиджабтағы қыздарға ғана үйленем деп шештім! Олар мен үшін ерекше! Неліктен екенін өздеріңіз білесіздер…», –  деп жазды Қуат Хамитов.

Спортшының бұл жазбасы желіде қызу талқыланып, түрлі пікір туғызды. Кейбір желі қолданушылары спортшының шешімін қолдаса, енді бір бөлігі оның бұл мәлімдемесін жеке көзқарас ретінде қабылдаған.