Мәлімдемеде қойылған негізгі талаптар: түнгі рейстер үшін төлем жүйесін қайта қарау, командирлердің жалақысын көтеру, екінші пилоттардың жалақысын көтеру және барлық пилоттар үшін төлемді арттыру, – деп хабарлайды Aikyn.kz Көлік министрлігіне сілтеме жасап.
Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі әуе компаниясынан бұл мәлімдемені елдің қолданыстағы заңнамасына сәйкес қарауды талап етеді.
Ақпарат үшін: Qazaq Air әуе компаниясының 49 %-ы Sovico тобына, тағы 49%-ы "Самұрық Қазынаға", ал 2%-ы Kazasia Holding Limited компаниясына тиесілі.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.