Күн суып, үсік жүреді: 14 қазанға арналған ауа райы болжамы

Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында шаңды дауыл тұрып, солтүстік-шығыстан, шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады.

Қазгидромет ауа райына байланысты еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялады, - деп хабарлайды Аikyn.kz.

Синоптиктердің болжамы бойынша, сейсенбі, 14 қазанда Жетісу облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді. Түнде облыстың орталығында сынап бағаны 3 градус суықты көрсетіп, үсік жүреді. Талдықорғанда да 14 қазанда түнде сынап бағаны 1-3 градус суықты көрсетіп, үсік жүреді.

Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында шаңды дауыл тұрып, солтүстік-шығыстан, шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады. Төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі бар. Қызылордада 14 қазанда шығыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с. 

Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде оңтүстік- шығыстан жел соғады, екпіні - 15-18 м/с. Облыстың оңтүстігінде, орталығында, шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, солтүстік-шығысында, төтенше өрт қаупі сақталады.

14-17 қазанда Алматы облысының солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың батысында жоғары өрт қаупі бар.

Атырау облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Облыстың шығысында оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстік-шығысында, батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Атырауда 14 қазанда төтенше өрт қаупі сақталады.

Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман түседі. Таңертең және күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Түнде облыстың таулы аудандарында сынап бағаны 1 градус суықты көрсетіп, үсік жүреді. Облыстың батысында, солтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Таразда 14 қазанда солтүстік-шығыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с.

Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с. Облыста жоғары өрт қаупі сақталады. Ақтауда 14 қазанда солтүстік-батыстан жел соғады, күндізгі екпіні 15-18 м/с болады. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, орталағында нөсер жаңбыр жауады. Облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Оралда 14 қазанда түнде нөсер жаңбыр жауады.

Қостанай облысының оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Түнде және таңертең Қарағанды облысының шығысында тұман түседі.

Ұлытау облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда 14 қазанда жоғары өрт қаупі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде тұман түседі. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Түркістан облысының солтүстігінде шаңды дауыл тұрады, облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында және таулы аудандарында шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с. Облыста төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкентте және Түркістан қалаларында 14 қазанда шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Абай облысының батысында, орталығында тұман түседі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Ақмола облысының солтүстігінде тұман түседі. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.