Отбасын қолдаудың жаңа жүйесі енгізілді

Шымкент қаласында әлеуметтік қорғау саласы жаңа қарқынмен дамып келеді.

Қала әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты «Отбасын қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі биылғы жылдан бастап әлеуметтік қызмет көрсетудің жаңа кезеңін бастады. Бұл отбасыларға көмек көрсетудің инновациялық үлгісі саналатын FSM Social ақпараттық жүйесінің енгізілуі. Жаңа жүйенің басты мақсаты – жылдам әрекет ету және тиімді көмек көрсету.

FSM Social жүйесінің ең үлкен ар­тық­шылығы – қиын жағдайға тап бол­ған аза­маттарға дер кезінде жәрдемдесу. Бұ­рын мұндай отбасылардың мәселесін анық­тау мен қолдау көрсету бірнеше ме­кеме арқылы ұзаққа созылатын бол­са, ен­ді бұл жүйе барлық процесті авто­мат­­тан­дырып, нақты және жылдам ше­шім қа­был­дауға мүмкіндік беріп отыр. Жүйе­ні іске асыру мақсатында ден­саулық сақ­тау, білім беру, ішкі істер жә­не про­бация қызметінің маман­дары­нан құ­рал­ған мобильді топтар құрылды. Арнайы оқыту жұмыстары жүргізіліп, бүгінде 200-ден астам маман мобильді топ құра­мында жұмыс істеп жүр. Со­ны­мен қатар ми­нистрлік тарапынан 552 әлеу­меттік қыз­меткер FSM Social плат­фор­масында жұ­мыс істеу бойынша кә­сі­би даярлықтан өтті.

Қазір 242 мемлекеттік мекемеден 1 310 қолданушы жүйеде тіркеліп, отба­сы­­лар­ға көрсетілетін әлеуметтік қолдау қыз­­меттерін цифрлық форматта жүзеге асы­руда. FSM Social жүйесі іске қосыл­ған се­гіз айдың ішінде Отбасын қолдау ор­­та­лы­ғы арқылы 6 917 отбасыға түрлі ба­­ғыт­тағы 10 501 қызмет түрі көрсетіл­ген. Оның ішінде 2 304 отбасы жүйе ар­қылы тір­келсе, тағы 455 отбасы тура­лы ақпарат бас­қа мемлекеттік меке­ме­лер­ден келіп түс­кен хабарламалар не­гі­зін­де түсіпті. Жүйе­де барлығы 2 220 аза­­мат туралы мә­лімет тіркелген. Со­лар­дың 1 849-ы ор­талыққа өз еркімен ке­ліп, әлеуметтік, пси­хологиялық неме­се құқықтық кеңес ал­ған. Ал 455 отбасы FSM Social жүйесі ар­қылы көмек сұра­ған. Олардың 203-іне нақ­ты қолдау ша­ра­лары көрсетілсе, 152 отбасының мәсе­лесі қаралып жатыр.

Бұл көрсеткіштер FSM Social жүйе­­сінің тиімділігін айқын дә­лел­дейді. Енді отбасы мүшелерінің проб­лемалары көп кешіктірілмей, нақты уа­қыт режимінде анықталып, тиісті ма­ман­дарға бағытталады. Мұндай тәсіл тұр­мыстық зорлық-зомбылықтың ал­дын алуға, балалар мен аналардың құ­қы­­ғын қорғауға зор мүмкіндік беріп отыр.

Отбасын қолдау орталығы тек ма­те­риалдық көмекпен шектелмейді. Мұнда қыз­меткерлер отбасы мүшелерінің пси­хо­логиялық жағдайына терең мән бере­ді. Жыл басынан бері 460 адам орталық­тың кәсіби психологтарымен жеке те­ра­пиялық кездесулер өткізді. Бұл аза­мат­тар өз өмірінде жаңа бағыт тауып, от­басы ішіндегі қарым-қатынасын жақ­сартуға мүмкіндік алды. Сонымен қа­тар 213 азамат неке бұзу, алимент өн­діру, балаға қамқоршылық орнату, тұр­ғын үй мәселесін шешу және әлеуметтік төлемдер рәсімдеу сынды түрлі бағытта құқықтық кеңес алған. Орталық маман­дары аналарға арналған 141 іс-шара ұйым­дастырып, оған 1 380 ана қатысқан. Мұн­дай кездесулер аналардың өзара тә­жірибе алмасып, рухани тұрғыда қол­дау табуына мүмкіндік берді.

Тұрғын үй мәселесі – көпбалалы және әлеуметтік аз қамтылған ана­лар үшін маңызды бағыттардың бірі. Осы орайда орталық «Отбасы банк» АҚ жә­не Шымкент қалалық тұрғын үй бас­қармасымен бірлесе отырып, түсіндіру жұмыстарын жүргізіп келеді. Жыл басы­нан бері 2 127 ана тұрғын үй бағдарла­ма­лары жөнінде ақпарат алып, 1 131 ана kezekte.kz порталына құжатын тіркеген. Соның нәтижесінде 27 ана мемлекеттік бағ­дарламалар арқылы пәтер кілтіне ие бол­ды. Бұл  орталық жұмысының нақты нә­тижесінің айғағы. 

Айта кетейік, үшінші мегаполисте от­басылық зорлық-зомбылықтың ал­дын алу бағытында жүйелі жұмыстар жол­ға қойылған. Шымкент қалалық жер­гілікті полиция қызметі басқармасы мен жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы бірлесіп, арнайы іс-шаралар жоспарын бекіткен болатын. Бүгінге дейін полиция инспекторлары­ның жолдамасымен 356 адам орталыққа кел­­ген. Оның 178-і агрессор ретінде тір­кел­­ген. Атап айтқанда, олардың ішінде Абай ауданынан – 35, Әл-Фараби ау­да­нынан – 25, Еңбекші ауданынан – 37, Қа­ра­тау ауданынан – 38, Тұран ауда­ны­нан  43 адам бар. Келушілердің 170-і ер адам, ал 186-сы әйел болған. Зорлық-зом­былық фактілерінің 160-ы ерлі-зайып­тылар арасындағы дау, 18-і туыс­тар ара­сындағы кикілжің, 17 жағдай ал­­ко­гольдік ішімдік әсерінен, ал 1 жағ­­дай жы­ныстық зорлық-зомбы­лық­тан туын­даған.

Психологтар мен заңгерлердің ара­ласуымен 86 отбасы қайта татуласып, ал 92 отбасымен профилактикалық жұ­мыс­тар жалғасуда. Бұл  отбасылық жан­жал­дарды реттеу ісінде орталықтың үл­кен әлеуметтік маңызға ие екенін көр­сетеді. Биылғы жылдың  19 мамыры мен 8 тамызы аралығында Д және Е са­натындағы отбасылардың жағдайын нақ­тылау мақсатында 1 840 отбасы тек­серілді. Соның нәтижесінде 659 отба­сы­нан сауалнама алынып, нақты қолдау ша­ралары қолға алынды. Ал 1 181 от­ба­сының көрсетілген мекенжайда тұр­май­тыны анықталды. Бұл деректер әлеу­мет­тік саясатты нақтылауға және көмекті мақ­сатты бағыттауға жол ашады. Қазір орталық аналарды кәсіпке бейімдеу мақсатында 7 бағыт бойынша қыс­қа­мер­зімді тегін курстар ұйымдастырды. Олар­дың қатарында киім пішу және тігу, құрақ көрпе жасау және қолөнер, ком­пью­терлік сауаттылық, шаштараз ісі, SMM және әлеуметтік желіні басқару, ма­никюр мен педикюр, дефектолог жә­не логопед көмекшісі мамандықтары бар.

Курстарға 861 ана қатысып, олардың 197-сі оқуды аяқтап, кәсіби дағдыларға ие болды. Кейбіреулері жеке ісін бастап, ша­ғын кәсіп иесі атанып отыр. Бұл – әлеу­меттік қолдаудың ең тиімді түрле­рі­нің бірі.

Шымкент қаласындағы отбасын қолдау орталығы – тек әлеу­мет­тік қызмет көрсететін мекеме емес. Бұл – қиын жағдайда қалған жандарға се­нім, үміт және жаңа өмірге жол көр­се­тетін орталық. FSM Social ақпараттық жүйе­сі әлеуметтік қызмет көрсету сала­сын жаңа деңгейге көтеріп, барлық мем­лекеттік құрылымның өзара іс-қи­мы­лын біріктіріп отыр. Әрбір отбасы­ның мәселесіне жедел назар аудару ар­қылы қалада отбасы институтын ны­ғай­ту, зорлық-зомбылықтың алдын алу жә­не қоғамдық тұрақтылықты сақтау ісіне зор үлес қосуда. Алдағы уақытта жүйенің мүм­кіндіктерін кеңейту, мамандардың кә­сіби біліктілігін арттыру және қо­ғам­мен тығыз байланыс орнату арқылы бұл бағыттағы жұмыс одан әрі жетілдірілмек.

Н.НАЗАРБЕК,

Шымкент қаласы