"Күйеуіммен...": Ерке Есмахан әлеуметтік желілерде неге шықпай кеткенін айтты

Бүкіл уақытын отбасына арнап, күйеуі және балаларымен серуендеп, дем алып жүр.

Белгілі әнші Ерке Есмахан соңғы кезде әлеуметтік желілерде сирек көрінуінің себебін айтты, – деп хабарлайды Аikyn.kz.

Әншінің айтуынша, ол жай ғана өзінің ең сүйікті мезгілі – алтын күздің әр сәтінен ләззат алып жүр. Бүкіл уақытын отбасына арнап, күйеуі және балаларымен серуендеп, дем алып жүр.  Сондықтан да әлеуметтік желілерге уақыты жетпей жатқанын қозғады әнші.

«Инстасыз да кайфую. Күн сайын серуен, түскі ас дайындаймын, сериал көремін, күйеуіммен анда-мында барамыз. Осындай өмір», – деді әнші.

Айта кетейік, жақында Ерке мен RaiM ұлы Батырдың төрт айлық мерейтойын атап өткен болатын.