Мемлекет басшысы «Лукойл» компаниясының акционері Вагит Алекперовті қабылдады

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.

Кездесуде Президентке «Лукойл» компаниясының Қазақстандағы қызметінің нәтижелері және алдағы кезеңге арналған жоспары туралы мәлімет берілді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Мемлекет басшысына «Қаламқас-теңіз» және «Хазар» бірлескен ірі жобаларын іске асыру барысы баяндалды. 

Қасым-Жомарт Тоқаев Вагит Алекперовті компанияның Қазақстандағы табысты қызметінің 30 жылдығымен құттықтады.