Еліміздің таэквондошылары Черногориядағы турнирде жеңіске жетті

Жарыстан Қазақстан құрамасы екі медаль жеңіп алды.

Қазақстандық таэквондошылар Черногориядағы турнирде екі медаль жеңіп алды,  деп хабарлайды Аikyn.kz

Таэквондодан G-1 санатындағы турнир Черногорияның Подгорица қаласында өтті. Сол жарыстан Қазақстан құрамасы екі медаль жеңіп алды. 

74 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынаған Мақсат Орынбасар жарыстың алтын жүлдегері атанды. Ал Әзірет Дүйсенбек 58 келіге дейінгі салмақта үшінші орынға ие болды.

Айта кетейік, бұл турнирге 24 елден 300-ден астам спортшы қатысты.