Орталық сайлау комиссиясы 2025 жылғы 15 қазанда «Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Ә. Мүтәліні тіркеу туралы» қаулы қабылдады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы конституциялық заңының 12, 45, 46, 97-1, 98-баптарына және «AMANAT» партиясы» қоғамдық бірлестігінің Саяси кеңесі бюросының 2025 жылғы 14 қазандағы №010PQ қаулысынан үзінді көшірмеге сәйкес, Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы қаулы етті:
- Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі депутатының бос мандаты «AMANAT» партиясы қоғамдық бірлестігінің мүшесі Әбутәліп Мүтәліге берілсін.
- Әбутәліп Мүтәлі Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болып тіркелсін.
- Әбутәліп Мүтәліге белгіленген үлгідегі тиісті куәлік пен омырауға тағатын белгі тапсырылсын.
«Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» конституциялық заңның 24-бабына сәйкес депутаттың өкілеттігі оны Орталық сайлау комиссиясы тіркеген кезден басталады.
ҚР ОСК Төрағасы Нұрлан Әбдіров Әбутәліп Мүтәліге Парламент депутатының куәлігі пен омырауға тағатын белгіні табыстап, депутаттық қызметіне табыс тіледі, – делінген Орталық сайлау комиссиясының ақпаратында.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.