"Болашағы жоқ": Шығыс Қазақстан облысында бірнеше ауыл картадан жойылды

Шемонаиха ауданында 2 елді мекен картадан жойылды.

Облыстық мәслихат Алтай және Шемонаиха аудандарында орналасқан бірқатар елді мекенді тарату туралы шешім қабылдады, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Алтай ауданында 3 ауыл, атап айтқанда Соловьев ауылдық округіне қарасты Ленинск, Малеев ауылдық округіндегі Ландман және Парыгин ауылдық округіндегі Кутиха ауылдары таратылды.

— Таратылған ауылдар енді іргелес елді мекендердің құрамына кірді. Ленинск — Подорлёнок ауылының, Ландман — Малеевск ауылының, ал Кутиха — Парыгино ауылының құрамына қосылды. Шемонаиха ауданында 2 елді мекен картадан жойылды. Заречное ауылы — Усть-Таловка кентінің құрамына енсе, Рулиха станциясы — Каменев ауылдық округіне қарасты ауыл құрамына қосылып отыр, — деп хабарлады мәслихаттан.

Айта кетейік, елімізде соңғы бір жылда 149 ауыл тарап кетті. Бұл тізімде Солтүстік Қазақстан облысы көш бастап тұр, яғни 45 елді мекен жабылған.