Жел соғады, үсік жүреді: 16 қазанға арналған жалпы ауа райы болжамы

Талдықорғанда 16 қазанда түнде сынап бағаны 7-9 градус суықты көрсетіп, үсік жүреді.

Қазгидромет 16 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлады Aikyn.kz. 

Синоптиктерлің болжамы бойынша, Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады. Облыста төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкент пен Түркістан қалаларында 16 қазанда төтенше өрт қаупі бар.

Түнде Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, күндіз облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Петропавлда 16 қазанда оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с.

Түнде және таңертең Маңғыстау облысының солтүстігінде, орталығында тұман түседі деп күтіледі. Облыста жоғары өрт қаупі сақталады. Ақтауда 16 қазанда жоғары өрт қаупі сақталады.

Алматы облысының солтүстігінде, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде сынап бағаны 1-6 градус суықты көрсетіп, үсік жүреді. Алматыда 16 қазанда түнде сынап бағаны 1-3 градус, Қонаевта сынап бағаны 4-6 градус суықты көрсетіп, үсік жүреді.

Жетісу облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді. Түнде сынап бағаны 4-9 градус суықты көрсетіп, үсік жүреді деп күтіледі. Талдықорғанда 16 қазанда түнде сынап бағаны 7-9 градус суықты көрсетіп, үсік жүреді.

Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман түседі. Облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с дейін жетеді. Облыстың батысында, солтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Оралда 16 қазанда түнде және таңертең тұман түседі.

Қызылорда облысының солтүстігінде шаңды дауыл тұрады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Қызылордада да жоғары өрт қаупі сақталады.

Атырау облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Атырауда 16 қазанда төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, батысында тұман түседі деп күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, солтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Абай облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында тұман түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде, орталығында солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-18 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Ақмола облысының оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысының оңтүстігінде, шығысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында шығыстан, оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда 16 қазанда шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-18 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Қарағанды облысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде соққан желдің кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.