Мәжіліс жанындағы Қоғамдық палата – реформалар талқыланатын негізгі алаң

Қазақстанда Мәжіліс жанындағы Қоғамдық палата халық пен билік арасындағы өзара байланыстың тиімді алаңына айналды.

Мұнда сарапшылар, депутаттар мен қоғам өкілдері маңызды заң жобаларын талқылап, өз ұсыныстарын білдіреді. Бүгінде Қоғамдық палата цифрлық трансформация, жасанды интеллект және құқық қолдану тәжірибесі сияқты өзекті мәселелерге басымдық беріп отыр,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бұл туралы Мәжіліс депутаты, "AMANAT" партиясы фракциясының мүшесі Марат Башимов 24kz арнасындағы "Заң бойынша" ("По закону" ред.) бағдарламасында айтты.