"Намазхандар осылай шашып кетеді": белгілі блогер Рүстем Жүгінісов дәретхана тазалап кетті

Ол дәретхананың еденін тазалаудан ұялмау керегін айтты.

Белгілі діндар әрі блогер Рүстем Жүгінісов әлеуметтік желіде көпшіліктің назарын аударған видео жариялады. Онда ол қоғамдық дәретхананың ішін өз қолымен тазалап, тазалық пен әдептілікке шақырды,  деп хабарлайды Aykin.kz.

Видеода Рүстем Жүгінісов кейбір адамдардың дәрет алу кезінде су шашып кететінін cөз етті. Соның салдарынан қоғам ішінде намаз оқитын жамағат жайлы теріс пікір қалыптастыратынын да айтты. 

"Кей жерлерде дәрет алатын уақытта мынадай етіп, суын шашып кететіндер болады. Содан кейін намаз оқымайтын кісілер 'намазхандар осылай шашып кетеді' деп жаман ойлайтын болады",  дейді ол.

Осы жағдайдан кейін Жүгінісов өзінен бұрын дәрет алып кеткен адамның орнын тазалап, ретке келтіргенін көрсетті.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Rustem Zhugunussov (@zhugunussov)