«Каспийді сақтайық!»: Жаңа адамдар теңізді қорғау мақсатында халыққа үндеу жолдады

Белсенділер көкке ұзындығы 22 метрлік «Каспийді сақтайық» деген жазуы бар батпырауықты алып шығарды.

 

"Каспийдің тағдыры — біздің саналы әрекеттеріміздің, өзімізге деген құрметіміздің және адам болып қалу қабілетіміздің айнасы" деген Жаңа адамдықтар теңіздің жойылуына бей-жай қарамай, халыққа үн қатты, - деп хабарлайды Аikyn.kz сайты.

— Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше рет атап өткендей, "Каспий — аймақтық мәселе емес, халықаралық қоғамдастық үшін дабыл қағарлық жағдай. Оны еңсеру үшін жүйелі қадамдар, үйлестірілген шешімдер мен үкімет басшылары мен салалық бөлімдер деңгейінде нақты шаралар қабылдану қажет". Сондықтан Каспий теңізінің тартылуы — бір елдің ғана мәселесі емес, миллиондаған адамның өмір салтына әсер ететін жаһандық экологиялық қауіп. Бұл жағдайды тек бірлескен күш-жігер арқылы түзете аламыз. Ол үшін күшімізді біріктіруіміз керек, — дейді Жаңа адамдар жастар қозғалысының өкілдері.

Белсенділер көкке ұзындығы 22 метрлік «Каспийді сақтайық» деген жазуы бар батпырауықты алып шығарды. Бұл — олардың келер ұрпаққа берілген уәдесі.

Жастар қозғалысы Қазақстан, Ресей, Әзербайжан, Иран және Түрікменстан халқына және саясаткерлерге, бизнес өкілдеріне, корпорацияларға, қорларға үндеу жасады.