Қар жауып, үсік жүреді: 17 қазанға арналған ауа райы болжамы

Жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын жауып өтеді.

"Қазгидромет" 17 қазан, жұма күнге арналған ауа райы болжамын жариялады, -деп хабарлайды Аikyn.kz.

Болжам бойынша, еліміздің басым бөлігі жауын-шашынсыз ашық болады. Тек елдің батысы мен солтүстік-батысында атмосфералық фронттардың ықпалымен жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын өтеді. Республика бойынша жел күшейеді, ал батыста – тұман күтіледі.

Сонымен қатар түнде Жетісу облысында – -4…-9°С, Алматы облысының солтүстігі мен оңтүстігінде – -1…-6°С дейін үсік жүреді. Қар жаууы мүмкін.

Бұдан бөлек, еліміздің бірқатар өңірінде өрт қаупі жоғары және ерекше жоғары өрт қаупі сақталады.

- Маңғыстау облысы, Атырау облысының солтүстік-шығысы, Ақтөбе облысының оңтүстігі мен шығысы, Жамбыл облысының орталығы, Қызылорда облысының солтүстігі мен орталығы, Алматы облысының батысы, Қостанай мен Ақмола облыстарының оңтүстік-батысы, сондай-ақ Ұлытау облысының шығысы мен орталығы және Абай облысының оңтүстігі. Әсіресе, Қызылорда, Түркістан, Атырау (солтүстік, оңтүстік, шығыс бөліктері), Жамбыл (батыс пен солтүстік аймақтары), Ақтөбе (батыс, солтүстік-шығыс және орталық бөліктері), Алматы облысының солтүстігі, Қостанайдың оңтүстігі, Батыс Қазақстан облысы және Ұлытау облысының оңтүстігі.