«Taza Qazaqstan»: көркейген аймақ көбейді

Атырауда «Taza Qazaqstan» бағдарламасы аясындағы кезекті сенбілікте 15 мың тоннадан астам қоқыс жиналды.

«Таза жағалау» акциясын облыстың экология депар­та­менті мен «Жайық-Каспий» облысаралық бассейндік ба­лық шаруашылығы инспекциясы бірлесіп ұйым­дастырды. Іс-шараға қала тұрғындары, аудандардан кел­ген еріктілер, Әзербайжан этномәдени бірлестігінің өкіл­дері мен GPC Investment компаниясының қыз­меткерлері қатысты.

Жайық өзенінің Атырау ша­-ғы­науданындағы жағалауын қо­қыстан тазартуға бағытталған сен­білік барысында 15 мың тон­на­дан астам тұрмыстық және құ­рылыс қалдықтары жиналды. Со­нымен қатар акция аясында 4 070 түп ағаш отырғызылып, өзен маңын­дағы экологиялық ахуалды жақ­сартуға үлес қосылды.

Атырау облысы экология де­пар­­таментінің басшысы Асқар Жү­­сіповтің айтуынша, мұндай бас­­тамалар өңірдің табиғи бай­лы­ғын сақтап, тұрғындардың эко­ло­гиялық мәдениетін арттыруға ба­ғытталған.

– Таза орта – салауатты өмір­дің кепілі. Табиғатты аялау – әр азаматтың борышы. Егер әрбір тұр­ғын туған жерінің эколо­гия­сына бейжай қарамаса, қоршаған ортамыз таза әрі көркем күйінде сақталады, – деді ол.

Жалпы, биыл облыс бойынша өт­кен түрлі экологиялық іс-шара­ға 8 мыңға жуық адам қатысып, нәтижесінде 20 мың тоннадан ас­там қоқыс жиналды. Бұл – та­би­ғатты қорғауға қоғамның бел­сен­ді араласып отырғанының ай­қын дәлелі.

Ерекше атап өтерлігі, Атырау об­лысында ауқымды көгалдан­дыру жобасы жалғасуда. Бүгінге дейін жоба аясында өңірде 248 мыңнан астам ағаш отырғы­зыл­ған. Бұл бастаманы Атырау өңі­­­рінің дамуы үшін қосылып отыр­ған ірі экологиялық үлес деу­ге болады.

Жақында Атырау облысы Дам­бы ауылдық округінің тұр­ғын­дары көгалдандыру аумақ­та­ры­на арнайы сапармен барып қайт­ты. Сапар барысында қатысу­шы­лар өңірдегі ең ірі экологиялық жо­балардың бірі – Береке ауы­лын­дағы жасыл аймақтарды ара­лап, жобаның іске асырылу бары­сы­мен танысты.

Аталған елді мекеннің ор­ман­ды қорғаныш белдеуінде 73 мың түп ағаш отырғызылған. Көшет­тер­дің қатарында Каспий кли­ма­ты­на бейімделген, ыстыққа және тұз­ға төзімді қарағаш, жөке, тұт, өрік, сары акация және жиде сын­ды ағаш түрлері бар. Мамандардың айтуынша, ағаштардың тіршілікке бейімделу көрсеткіші 80%-ға дейін жетеді, бұл – Атырау сияқты қуаң­шылыққа бейім климаты бар өлке үшін өте жоғары көрсеткіш.

Қазір көгалдандыру жобасы Аты­рау қаласы мен Мақат ауданы ау­мағындағы төрт ірі учаскені қам­тып отыр. Көгалдандырылған жер­лердің жалпы ауданы  – 308 гек­тар. Бұл бастама өңір­дегі эко­ло­гиялық жағдайды жақ­сар­туға ба­ғытталған бизнес пен мем­ле­кеттік құрылымдардың тиім­­ді се­рік­тестігінің жарқын мы­салы де­сек те болады.

Бүгінге дейін көгалдан­ды­рыл­ған аумақ туралы дерек пен дәйек тө­мендегідей: Берекеде – 73 мың, Со­­колокта – 134 мың, Еркін­қа­ла­да – 21 мың , Мақат және Дос­сор­да 20 мың ағаш отырғызылды.

Ағаш отырғызу процесінде там­шылатып және капиллярлы суару жүйесі сынды заманауи аг­ротехно­логиялар қолданылып жа­тыр. Бұл әдістер суды үнемдеп жұм­сау­ға және топырақтың тұз­дануын бол­дырмауға мүмкіндік береді. Со­нымен қатар органи­ка­лық жә­не минералды тыңайт­қыш­тар қол­­данылып, көшеттер­дің жер­сіну деңгейін арттыру көз­делуде.

Атырау облысының Қазақ­стандағы экологиялық тұрғыда осал өңірлердің бірі екені белгілі. Географиялық ерекшелігі, жауын-шашынның аздығы, топырақтың тұздануы, ауаның шаңдануы мен мұнай-газ саласының техногендік әсері өңірге ерекше экологиялық салмақ түсіріп отыр. Сол себепті жасыл желек тапшылығы – өңір тұрғындарының денсаулығы мен өмір сапасына тікелей әсер ететін маңызды мәселе.

Экологтардың айтуынша, Аты­рау облысындағы көгалдан­дыру деңгейі қолайлы климат үшін белгіленген нормадан 3-4 есе төмен. Ал көгалдандырудың пай­да­сы шаш етектен екені түсінікті.

Айталық, көгалдандыру ең ал­­дымен жаз мезгілінде ауа тем­пера­турасын 3-5°С-қа дейін тө­мен­детеді. Екіншіден, ауаның шаң­дануын және ұсақ бөлшек­тердің мөлшерін азайтады. Үшін­шіден, топырақтың эрозияға ұшы­рауын тежейді. Төртіншіден, ай­мақтағы экожүйелердің қал­пына келуіне және биоалуан­түр­ліліктің артуына ықпал етеді.

Баян ЖАНҰЗАҚ,

Атырау облысы