Полицейлер құны миллион теңгеге жуық затты ұрлаған адамды ұстады
Полицейлер құны миллион теңгеге жуық затты ұрлаған адамды ұстады
© polisia.kz
170
оқылды
Семей қаласы Затон ПБ  полиция қызметкерлері аса ірі көлемдегі ұрлықты  тез ашты, - деп хабарлайды Polisia.kz. 3 ақпанға қараған түні кеме шығаратын кешен аумағында белгісіз біреу BTK 616 маркалы су кемесінің терезесін сындырып кіріп, әрқайсысының құны 240 000 теңгеден тұратын қоладан жасалған 4 клапанды жасырын ұрлап кеткен. Осылайша, 960 000 теңге көлемінде материалдық залал келтірілді. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Затон аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері білікті және кәсіби әрекеттерінің арқасында бұрын сотталмаған 26 жастағы Семей қаласының тұрғынын ұстады. Бұл дерек сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-бөлігі 3-тармағына сәйкес енгізілді. Айыптау дәлелдері алынған заттай дәлелдемелермен расталды.Қажетті тергеу әрекеттерін жасағаннан кейін сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалдары сотқа жіберіледі.Зардап шеккен азамат полицияға мүлкін қайтарып бергені үшін алғысын айтты.