Қазақстандық танымал актер әрі әзілкеш Қайрат Әділгерей жұбайы Бақыт Тұрманға ерекше сыйлық жасады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Ол әйелі үшін әйгілі Cartier брендінен құны шамамен 20 миллион теңге тұратын қол сағатын сатып алып, оған деген махаббатын тағы бір рет білдірді.
Бұл сыйлық туралы олар өздерінің Instagram парақшасында бөліскен еді. Бірақ бұл сыйлықтың артында қызықты жағдай тұрғаны белгілі болды. Актердің айтуынша, екеуі бір ойын ойнап, Қайрат сол ойында жеңіліп қалған көрінеді. Сол себепті ол Бақытқа сағат сатып алып беруге уәде берген екен.
Көптеген желі қолданушыcы: «Осындай жұптар көп болсын!», «Қайраттың романтикалық қадамы керемет!», «Бақытқа бақыт тілейміз!» деген пікірлер қалдырған. Жұлдызды жұптың бұл әрекеті әлеуметтік желіде көпшіліктің көңілін көтеріп, жұпқа деген қызығушылықты арттырды.