Ақордада Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевті ресми қарсы алу рәсімі өтті

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.

«Ақорда» резиденциясында елімізге мемлекеттік сапармен келген Әзербайжан президентін ресми қарсы алу рәсімі өтті,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылы ротасының бастығы мемлекеттер басшыларына рапорт берді. Бұдан соң екі елдің әнұрандары орындалды.