Актриса Әлия Әнуарбек Айнұр Ілиясоваға берген сұхбатында шығармашылығы мен жеке өмірі туралы айтты, – деп жазды Aikyn.kz.
Актриса сүйіктісі сөз салғанын, жақында тұрмысқа шығатынын жеткізді.
«Бақыт құшағында» фильмінің түсірілімінде шынымен де бақыттың құшағында жүрдім. Иә, ол маған сөз салды. Мен қалыңдықпын», – деді Әлия Әнуарбек.
Айта кетейік, бүгінде актрисаның екі қызы бар. Осыдан бес жыл бұрын күйеуі ауыр дерттен көз жұмған болатын.