Қазақстан қыздар құрамасы гандболдан Азия ойындарында жеңіске жетті

Топтық кезеңдегі кезекті ойында отандастарымыз Үндістан құрамасымен кездесті.

Қазақстан қыздар құрамасы гандболдан Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында екінші жеңісіне қол жеткізді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Топтық кезеңдегі кезекті ойында отандастарымыз Үндістан құрамасымен кездесті.

ҚР ҰОК мәліметінше, бірінші кезең 19:15 есебімен қазақстандықтардың пайдасына аяқталды.

Екінші кезеңде де басымдығын сақтаған Қазақстан құрамасы матчты 39:26 есебімен өз пайдасына аяқтады.

Осылайша, Қазақстан қыздар құрамасы жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарындағы екінші жеңісіне қол жеткізді. Бұған дейін олар Гонконг құрамасын ұтқан болатын.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.