Қазақстан мен Ресей арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнағанына 33 жыл болды

Қазақстан мен Ресейдің қарым-қатынасы саяси мәдениеттің жоғары деңгейімен ерекшеленіп, стратегиялық серіктестік пен одақтастық рухында дамып келеді.

22 қазанда Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасында дипломатиялық қатынас орнағанына 33 жыл толды,  деп хабарлайды Aikyn.kz turkystan.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстан мен Ресейдің қарым-қатынасы саяси мәдениеттің жоғары деңгейімен ерекшеленіп, стратегиялық серіктестік пен одақтастық рухында дамып келеді. 

Табысты өзара іс-қимыл  екі ел көшбасшылары арасындағы достық қарым-қатынастың нәтижесі. Бұған дәлел – Ресей президенті Владимир Путиннің Қазақстанға өткен жылғы мемлекеттік сапары және Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресейге 12 қарашада жоспарланған мемлекеттік сапары. 

Біздің ортақ көпғасырлық тарихымыз, географиялық, рухани жақындығымыз және өзара сеніміміз елдеріміз арасындағы достық қарым-қатынасты одан әрі дамытудың бірегей артықшылығы мен кепілі.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.