24 қазанда ауа райы қандай болады?

Синоптиктердің болжамы бойынша, еліміздің бірнеше өңірінде жаңбыр жауып, тұман түседі, жел тұрып, үсік жүреді.

Қазгидромет жұма, 24 қазандағы ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.  

Синоптиктердің болжамы бойынша, еліміздің бірнеше өңірінде жаңбыр жауып, тұман түседі, жел тұрып, үсік жүреді. 

Қазақстан аумағының басым бөлігінде солтүстік антициклонның ықпалымен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Тек батыс, солтүстік-батыс, солтүстік, орталық және оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты жауын-шашын болады.

Түнгі және таңертеңгі уақытта ел аумағының басым бөлігінде тұман түсіп, ал солтүстікте және оңтүстік-шығыста жел күшейеді.

Түнде солтүстік пен Жетісу облысының орталығында -1…-3°С үсік жүреді.

Маңғыстау, Ұлытау, Атырау (солтүстік-шығыс және оңтүстік-шығыс бөліктері), Ақтөбе (оңтүстік және шығыс), Жамбыл (оңтүстік және орталық), Қызылорда (солтүстік және орталық), Алматы (батыс), Қостанай (оңтүстік-батыс) және Ақмола (оңтүстік) облыстарында, сондай-ақ Абай облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі бар.

Қызылорда, Түркістан, Атырау (оңтүстік және шығыс бөліктері), Жамбыл (батыс және солтүстік), Ақтөбе (батыс, солтүстік-шығыс және орталық), Алматы (солтүстік), Қостанай (оңтүстік) және Ұлытау облыстарында аса жоғары өрт қаупі бар.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.