Астанада Сығанақ көшесінің учаскесі жабылды

LRT құрылысына байланысты әкімдік қала тұрғындарына қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлауды ескертті.

Сығанақ көшесіндегі LRT жабық жаяу жүргіншілер өткелінің учаскесінде (МБК «Абу Даби Плаза» ғимаратынан «112 станциясы» ғимаратына дейін) құрылыс ағаштарын бөлшектеу және материалдарды шығару жұмыстары жүргізілуде, – деп хабарлайды  Aikyn.kz Астана әкімдігінің ақпаратына сәйкес.

Бөлшектеу жұмыстары 23 қазан күні сағат 12:00-ден 25 қазан күні сағат 00:00-ге дейін жүргізіледі.

Жұмыстардың жүргізілуіне байланысты Сығанақ көшесінің оңтүстік жағы – Ақмешіт және Түркістан көшелерінің қиылысындағы учаскеде көлік қозғалысы толық шектеледі.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.