«Дені сау» деген диагноз қойды: 5 баласы араша сұраған ана үйіне шықты

Мекемеден шыққан кезде берілген анықтамада оның «дені сау» екені көрсетілген.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, бес баланың анасы Жұлдыз Тлеуф 9-22 қазан аралығында Алматыдағы Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығында емделген, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Мекемеден шыққан кезде берілген анықтамада оның «дені сау» екені көрсетілген.

«2025 жылдың сәуір айында Жұлдыз Тлеуф күйзеліске ұшыраған деген диагнозбен емделуге жатқызылған. Бұған дейін, 2017 жылы да осындай жағдай тіркелген. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығына сәйкес, пациент 2026 жылдың сәуір айына дейін диспансерлік бақылауда болады.

Алматы қаласындағы республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығы 9–22 қазан аралығында бақылауда болған пациентке “дені сау” деген қорытынды диагноз қойған», – делінген ведомство таратқан хабарламада.