Республика күніне орай бүкіл еліміз бойынша ірі өнеркәсіптік кәсіпорындардан бастап әлеуметтік, спорттық және инфрақұрылымдық жобаларға дейін 196 жаңа нысан пайдалануға беріледі, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Олардың барлығы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халықтың өмір сүру сапасын арттыруға және өңірлерді дамытуға бағытталған тапсырмаларын орындау шеңберінде жүзеге асырылуда.