"Жаңа адамдар" жастар қозғалысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Бейнероликтің авторы – "Жаңа адамдар" жастар қозғалысы.

Республика күні қарсаңында ел азаматтарын бірлікке, жауапкершілікке және өз елін сүйіспеншілікпен дамытуға шақыратын жаңа бейнеролик жарық көрді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Бейнероликтің авторы – "Жаңа адамдар" жастар қозғалысы.

Біздің әрқайсымыз — еліміздің бір бөлшегі.

Бірі рингте күреседі, бірі сахнадан шабыт береді.

Бірі сурет салады, бірі бейнеге түсіреді.

Әркім өз ісімен айналысады — бәріміз бірге Жаңа Әділетті Қазақстанды құрамыз.

Республика күні — жай ғана күнтізбедегі күн емес.

Бұл — оны құрып жатқан адамдардың күні. Бұл — біз, жауапкершілікті өз мойнымызға алып, әрекет етіп, өзгерістерді өзімізден бастауымыз. Ел — басқа бір жерде емес екенін түсіну.

Ел деген — біз. Бұл мен.

Мен — Қазақстанмын.

Мерекеңмен, Қазақстан.

Әр күн — біз өмір сүргіміз келетін ел үшін жасалған қадам болсын,-делінген видеороликте.