Парижде Лувр мұражайын тонаған екі күдікті ұсталды

Ұрлық 19 қазанда мұражайдың шығыс қанатында жасалған

Париж полициясы Лувр мұражайынан бағалы бұйымдарды ұрлауға қатысы бар деген күдікпен екі адамды қамауға алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz 

Тергеу дерегіне сүйенсек, күдіктілердің бірі елден қашпақ болған кезде әуежайда ұсталған.

Reuters мәліметінше, ұрлық 19 қазанда мұражайдың шығыс қанатында жасалған. Тергеу мәліметінше, қаскөйлер терезені сындырып, ғимаратқа кірген және мотоциклмен оқиға орнынан қашып кеткен.

Қазір полиция ұрланған заттардың қайтарылуына және іске қатысы бар өзге адамдардың бар-жоғына қатысты тексеріс жүргізіп жатыр. Оқиға Франция қоғамында кең талқыланып, мәдени мұра қауіпсіздігіне қатысты сұрақтарды қайта көтерді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз