Синоптиктер қолайсыз метеожағдайға байланысты ескерту жасады

Астана, Қостанай, Көкшетау, Ақтөбе қалаларында қолайсыз метеожағдайлар күтілуде.

Синоптиктер еліміздегі төрт қала тұрғындарына 2025 жылғы 27 қазанда ауа ластануының жоғарылауына байланысты ескерту жасады, – деп хабарлайды Аikyn.kz

"Қазгидромет" болжамына сәйкес, Астана, Қостанай, Көкшетау, Ақтөбе қалаларында қолайсыз метеожағдайлар күтілуде.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқамерзімді метеорологиялық факторлардың (тыныштық, әлсіз жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Мұндай кезде қала тұрғындарына ашық ауада, әсіресе автомобиль жолдарының немесе басқа ластану көздерінің жанында болу уақытын қысқарту ұсынылады. Өкпенің созылмалы ауруларынан, жүрек-қан тамырлары, аллергиялық аурулардан зардап шегетін адамдар ашық ауада болған кезде өздерімен бірге қажетті дәрі-дәрмектерді алып жүруі керек.