Мемлекет басшысының өкімімен Абзал Нүкенұлы Нүкенов Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылды, - деп хабарлайды Aikyn.kz
Абзал Нүкенов 1978 жылы 21 шілдеде Талдықорған облысы Ақсу ауданы Бүйен ауылында дүниеге келген. Әкесі –Нүкен Бақитаев, 1939 жылы туған, мамандығы бойынша экономист, бүкіл ғұмырын жер өңдеумен өткізген. Анасы Тыныштық Нұрпейісова – бухгалтер. 1995 жылы ауылдық орта мектепті үздік бітіріп, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Философия және саясаттану факультетінің Саясаттану бөліміне түседі. 2000 жылы Абзал Нүкенов университетте оқуын сәтті аяқтап, өз мамандығы бойынша – кеңесші болып құрылған «Отан» Республикалық партиясының орталық аппаратына жұмысқа жіберіледі. 2003 жылы ол партияның орталық аппаратының идеологиялық бөлімінің сектор меңгерушісі болып тағайындалды. Алматы қ. Ішкі саясат департаментінің үкіметтік емес ұйымдармен және діни бірлестіктермен жұмыс бөлімінің басшысы (2005 - 2006) Алматы қ. Әуезов ауданы әкімінің орынбасары (2006) Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Заманауи зерттеулер институтының директоры (2009 - 2011) ҚР Қауіпсіздік Кеңесі Аумақтық орталығының сектор меңгерушісі, меңгерушінің орынбасары, меңгеруші (2011 - 2012) ҚР Қауіпсіздік Кеңесі Ахуалдық орталығының меңгерушісінің орынбасары, меңгерушісі (2012 - 2016) ҚР Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі (2016) «Астана» Халықаралық ғылыми кешені Директорлар кеңесі төрағасының орынбасары (2018 - 2019) Қарағанды облысы әкімінің орынбасары (2019 - 2022) ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы (2022 - 2024) ҚР Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды (2025)