"Төраға мүлде әрекет етпейді": Ақтауда 9 қабатты үйдің тұрғындары бес ай бойы ауызсусыз отыр

Қазірге дейін шамамен 370 мың теңге жиналған

Ақтауда 9-шағынаудандағы тоғыз қабатты үйдің тұрғындары бес айдан бері ауызсусыз отыр, - деп хабарлайды Аikyn.kz сайты Lada.kz-ке сілтеме жасап.

Маусымда жоғары қабаттарға су айдайтын сорғы жанып кеткеннен кейін адамдар сусыз қалған.

Тұрғындардың айтуынша, олар бірнеше мәрте үй төрағасына жүгінген. Бірақ ол ПИТК-нің қаражаты жоғын айтып, "сорғыны өздеріңіз ақша жинап алыңыздар" деп жауап берген.

Қазірге дейін шамамен 370 мың теңге жиналған, бұл жаңа насос алуға жетеді. Алайда үй ішінде пікірталас туындап, тұрғынның кейбірі 800 мың теңге тұратын қымбатырақ насос алуды талап етеді.

Тұрғындар төраға Сахы Түзелбаев басқаратын "Татьяна" ПИТК дәл осы үйде орналасқан, мұнда "су бар", сондықтан олар мәселені шешкісі келмейтінін айтты. 

"Ешкім төрағаға ықпал ете алмай отыр. Ол мүлде әрекет етпейді. Тіпті, кіреберістегі шамдарды да ауыстырмайды", - деп шағымданады тұрғындар.

Адамдар қала және облыс әкімдіктеріне, прокуратураға, сондай-ақ "Каспий жылу, су арнасы" ШЖҚ МКК-ға дейін барлық инстанцияға жүгінгендерін айтады, бірақ тек формал жауаптар алған.