Қызылорда облысында полицейлер адасып кеткен үш жасар баланы тапты, – деп хабарлайды Аikyn.kz.
Жаңақорған аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы Керимхан Аппазов мен ювеналды полиция тобының инспекторы Бекзатхан Тоханов қоғамдық тәртіпті сақтау кезінде ата-анасының қарауынсыз жүрген үш жасар баланы байқап қалған.
Полицейлер баланың ата-анасын жедел іздестіріп, көп ұзамай баласын жоғалтқан әке табылған. Тексеру барысында белгілі болғандай, баланың әкесі жақын маңдағы ғимаратқа кіріп кеткен. Сол сәтте бала көліктен түсіп, одан алыстап, адасып кеткен. Дер кезінде көмек көрсеткен тәртіп сақшылардың бұл әрекеті – кәсіби жауапкершілік пен адамгершіліктің үлгісі.