Батыл шешім қажет
Батыл шешім қажет
105
оқылды
Дариға Назарбаеваның төрағалық етуімен Парла­мент Сенатының отырысы болды. Онда сенаторлар бір­қатар ха­­­лықаралық келісімді ратификациялады. Құжаттар ен­ді Президенттің қол қоюына жіберілуі тиіс. Соның ішінде мысалы, «2014 жылғы 15 тамыздағы Көлік құралы паспортының және өздігінен жү­ре­тін машина және техниканың басқа да түрлері паспортының бі­рыңғай нысандарын енгізу және элек­тронды паспорттар жүйелерін ұйым­дастыру туралы келісімге Ар­ме­нияның қосылуы туралы хат­тама» қабылданды. Сенатор М.Бортниктің түсіндіруінше, құжат қа­ғаз түрін­дегі паспорттарды электронды нұс­қаға көшіруді қарастырады. Сонда ЕАЭО белгілеген қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейтін автокөлікті Арменияның айна­лымға шығаруына, сатуына жол берілмейді. Жалпы отырысты қорытын­дылаған палата басшысы Дариға Назарбаева депутаттарды төтенше жағ­дай кезеңіндегі Сенат жұмы­сы­ның регламенті жайынан хабар­дар етті. Атап айтқанда, барлық іс­са­парлар мен іс-шаралар тоқ­та­тылды. Заңдар бойынша жұмыс жал­ғаса береді. Депутаттарға пала­та мен комитеттер отырысына ша­­қырылғандар санын мүмкін­ді­гін­ше шектеу ұсынылып отыр. Аппараттың 70-тей қызметкері үй­ден істейтін жұмыс тәртібіне кө­шірілді. Қалғаны үшін қыс­қар­тылған жұмыс күні белгіленді. Се­нат ғимаратында күніне бірне­ше мәрте дезинфекциялау жүргі­зілу­де. – Мемлекеттің міндеті – аза­мат­­тарымыздың өмірі мен денсау­лы­ғын сақтау, экономика мен тұ­тыну нарығының жұмыс істеуін қам­тамасыз ету. Жұқпалы дертпен нәтижелі күресу үшін ерік-жігер мен батыл қимыл керек. Деген­мен сақтық та керек. Ертеңге се­нім­мен қарап, бойымыздағы үрей мен күдіктен арылуымыз қажет. Біз – талай сында шыныққан мық­ты халықпыз. Біз бәрін жеңе­міз, – деді Д.Назарбаева. Ол азаматтардың жұмыспен қам­тылуы, табыс табуы мәселесіне бө­лек тоқталды. – ТЖ мен карантин, өкінішке қа­рай, іскерлік белсенділікті баяу­лат­ты. Көптеген адам уақытша жұ­­­мыссыз, сондай-ақ өмір сүруге ар­налған қаражатсыз да қалуы мүм­кін. Алматы қаласында тұрақ­ты немесе уақытша жұмыс істейтін Алматы облысының тұрғындарына қатысты мәселе туындауда. Бұл – 500 мыңдай адам, оларға отбасы мү­шелерін қосыңыз, сонда проб­леманың ауқымын көре аламыз. Мемлекеттік органдар, депутаттар бұл жағдайға баса назар аударуы тиіс. Қалыптан тыс, батыл шешім­дер қажет, – деді Сенат төрағасы. Ол алда Ұлыстың ұлы күні келе жат­қанын еске салды. – Алдағы сенбі күні жарқын ме­ре­кеміз – Наурыз келеді. Бұл көк­тем мерекесі, жандану мен гүл­дену мейрамы. Үміт пен жаңару ме­рекесі. Баршаңызға денсаулық пен бар жақсылықты тілеймін! Нау­рыз бізге бұл жылы тек бақыт алып келсін, қайғы мен ауыртпа­лық­тан арылтсын! – деп тіледі Дариға Назарбаева. Сенаторлар отырыс соңында өз­дерінің және палата аппараты қыз­меткерлерінің бір күндік ең­­бекақысын коронавируспен күрес қо­рына аудару туралы шешім қа­былдады.   Айхан ШӘРІП