Жаңбыр жауып, жел күшейеді: 28 қазанға арналған ауа райы болжамы

«Қазгидрометтің» мәліметінше, түнде және таңертең республика бойынша тұман түсуі мүмкін.

«Қазгидромет» 28 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Синоптиктердің мәліметінше, бүгін елдің батысында жаңбыр жауып, желдің екпіні күшейеді.

Солтүстік, орталық және шығыс өңірлерде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Ал оңтүстікте жаңбыр жауады.

«Қазгидрометтің» мәліметінше, түнде және таңертең республика бойынша тұман түсуі мүмкін. Күндіз ауа температурасы солтүстікте +10...+15°C, орталық пен шығыста +10...+18°C, оңтүстікте +20...+28°C, ал батыста +9...+17°C шамасында болады.