Қытайда казинолар жабылып жатыр
Қытайда казинолар жабылып жатыр
© newsofgambling.com
299
оқылды
Макаода коронавирусқа байланысты барлық казино 2 аптаға жабылды, - деп хабарлайды «Хабар 24». Оған ішкі Қытайда қауіпті дерттен көз жұмғандар санының артуы себеп болған. Сондықтан жергілікті билік жұқпалы аурудың аймақта кеңінен таралуын болдырмау үшін осындай шара енгізді. Бұдан бөлек, өңірде көлік қатынасы шектеліп, көптеген өнеркәсіп жұмысын уақытша тоқтатқан. Жалпы қазір бұл өңірде вирусты 10 адам жұқтырғаны тіркелген. Айта кетейік, Макао бұған дейін мұндай шараны 2018 жылы «Мангхаут» дауылы кезінде қолданған болатын. Салдарынан аймаққа 186 миллион доллар шығын келген еді. «Казиноларды жабу маған ғана емес, бүкіл аймаққа әсер етіп жатыр. Мысалы, мен мейрамханада жұмыс істеймін. Жаңа жылға орай азық-түлік қорын көбейтіп қойған едік, ойынханалардың жабылуынан тұтынушылар азайып, кәсібіміз жапа шегуде», - дейді жергілікті тұрғын Жу Хай.