Бүгін таңертен Қостанай қаласындағы Толстой көшесінде төрт қабатты тұрғын үйде өрт болды. Өрт төртінші қабаттағы пәтердің асүйіне шыққан, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Оқиға орнына қысқа мерзімде өрт сөндіру жасақтары, апаттар медицинасы орталығының және жедел-құтқару жасағының қызметкерлері келді.
Құтқарушылар көрші пәтерден баспалдақ маршымен 3 адамды, оның ішінде 1 баланы эвакуациялады.
Өрт сөндірушілердің кәсіби әрекеттерінің арқасында өрт тез арада сөндірілді.