Белгілі әзілкеш, шоумен Тұрсынбек Қабатов 26 қазанда Өскемен қаласында өтуге тиіс болған концертін күтпеген жерден кейінге қалдырған, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Ол Instagram парақшасында арнаулы жазба қалдырып, денсаулығына байланысты концерттің өтпей қалғанын айтып, көрермендеріне алғыс білдірді.
"Бүгін Өскемен қаласындағы көрермендеріне түсіністік танытқандарыңыз үшін мың алғыс! Денсаулығыма байланысты аяқасты концерт болмай қалды. Мен сіздерді 28.11.25 күтемін. Мың алғыс! Аман болайық", – деп жазды Тұрсынбек Қабатов.