Балуан Бекасыл Асамбек Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды

60 келіге дейінгі салмақтың финалында өнер көрсетті.

Қазақстандық балуан Бекасыл Асамбек еркін күрестен Манамада (Бахрейн) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

ҚР ҰОК мәліметінше, жерлесіміз 60 келіге дейінгі салмақтың финалында өнер көрсетті.

Бекасыл ақтық сында Солтүстік Корея елінің өкілі Хун Юмен күш сынасты. Нәтижесінде қазақ балуаны 4-1 есебімен жеңіске жетті.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM  арнасынан табасыз.